Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2018 - 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 873 Қаулысы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2018 - 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспары бекітілсін.
2. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016 - 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 585-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.