«Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығы (2025.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығы

(2025.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2025.17.01. № 22-н/қ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бектілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы» ереженің 15-тармағы 256) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

 

В. Школьник

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов

2015 жылғы 3 сәуір

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 30 наурыздағы

№ 246 бұйрығымен

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.