«Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 184 бұйрығы

 «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 184 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11025 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарында:

3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) титан, магний және алюминий электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері;»;

3-тармақ:

мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) феррохромдарды электр тәсілімен үздіксіз өндіретін ірі металлургиялық кәсіпорындардың объектілері.»;

мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.