(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАЛЫҚ АУЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕ...

Балық аулау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы

(2016.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Балық аулау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 18-04/148 бұйрығымен

бекітілген

 


Балық аулау қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Балық аулау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жеке және заңды тұлғалармен кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиоративтік аулауды, өсімді молайту мақсатындағы аулауды және эксперименттік аулауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін реттейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.