Бірыңғай индустрияландыру картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 534 бұйрығы
(2023.03.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бірыңғай индустрияландыру картасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.