Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 573 бұйрығына 6-қосымша
Кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар
субъектілерінің тұтынушыларға
қызметтер көрсету стандарты
1. Осы Кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін тәртіпті және жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету тәртібі
2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы Субъектіге еркін үлгіде өтініш (бұдан әрі - өтініш) жолдайды.
3. Тұтынушылардың өтініштері мәлімделген көлемге немесе осы саладағы көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылданады.
4. Өтініш жазбаша түрде екі данада ресімделеді, тіркеу нөмірі, күні, өтініштің келіп түсу уақыты бар олардың бірі тұтынушыда қалады.
5. Субъекті өтініштерді тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Өтініштерді тіркеу журналында өтініш түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.
6. Келіп түскен өтініштерді қабылдаудан бас тартуға, күні мен уақытын, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін бұрмалауға жол берілмейді.