5) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің туындауына, оларды өзгертуге, толықтыруға немесе тоқтатуға бағытталуға;
2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды көздеуге, оларды іске асыруды қиындататын немесе шектейтін кедергілерді болғызбауға тиіс.
2. Құқықтық актілер мынадай түрлерге:
1) нормативтік құқықтық актілерге;
2) нормативтік емес құқықтық актілерге бөлінеді.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ
4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясы, оған сәйкес келетін заңдар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды.
2. Қазақстан Республикасы заңнамасы жүйесінің тұтастығы:
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін сақтау;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда бекітілген нормативтік құқықтық актілер сатысын сақтау;
3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге де нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келе алмайды.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулылары оларды қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының заңдық күшіне ие болады.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірмелер қамтылады.
6-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібі заңда айқындалады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдары алдында басым болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады.
2-БӨЛІМ. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
3-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi
1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды болып бөлiнедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының кодекстері, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулылары;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары;
2018.05.07. № 179-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтік құқықтық актілері;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының нормативтiк құқықтық қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары;
7) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
8) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
9) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
3) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
4. Туынды түрдегі нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiртұтастықты құрайды.
5. Уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдар нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқылы емес.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының басшылары құрылымына осы ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде нормативтік құқықтық бұйрықтарды бекіту жөнінде құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық бұйрықтарды қабылдайды және олар адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қозғай алмайды.
8-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен реттелетiн қоғамдық қатынастар
Қазақстан Республикасының кодекстерi мынадай:
12) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
13) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға байланысты;
14) қылмыстық жауаптылыққа тартуға байланысты;
16) денсаулық сақтау саласындағы;
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласындағы;
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) әкімшілік рәсімдерді және әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға байланысты;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) әлеуметтік қорғау саласындағы;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
21) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласындағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.
9-бап. Шоғырландырылған заңдармен реттелетін қатынастар
Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары заңнаманың құрылымын жетілдіру мақсатында қабылданады және:
2) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;
6) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу, бақылау және қадағалау;
8) рұқсаттар және хабарламалар;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) адвокаттық қызмет және заң көмегі саласындағы (аясындағы) өзінің сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды біріктіреді.
10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдар;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;
3) Қазақстан Республикасының кодекстерi;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңдары;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Құрылтайының нормативтік қаулылары;
7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
9) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
10) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
3. Төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
4. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтiк құқықтық актілер сатысындағы орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен айқындалады.
2018.05.07. № 179-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының актілері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары нормативтік құқықтық актілердің осы бапта белгіленген сатысынан тыс тұрады.
11-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы
1. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзгеше ескертілмесе, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.
2. Қолданысқа енгізілген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.
3. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады.
Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Нормативтік құқықтық актілердегі құқық нормаларының қайшылықтары
1. Әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда, олар кодекстерге тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бір нормативтік құқықтық актінің немесе бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары немесе қолданысқа кешірек енгізілген актіге сәйкес келетін норма қолданылады.
13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану тәртібі
1. Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған кезде заң ұқсастығы немесе құқық ұқсастығы қолданылуы мүмкін.
2. Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, заң ұқсастығы қолданылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаған кезде құқық ұқсастығы пайдаланылады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану процесінде жеке немесе заңды тұлғалардың жаңа міндеттерін белгілеуге немесе құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
Заңнаманың нақты салаларымен реттелетін қатынастарда заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану мүмкіндігі тиісті заңдарда айқындалады.
1. Заңнамада белгіленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе басталуы сөзсiз болатын оқиға көрсетiле отырып айқындалады. Мерзiм жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен (тәуліктермен) немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн.
2. Жылдармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм осы айдың соңғы күнiнде (соңғы тәулігінде) аяқталады.
Айлармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде (күні) аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм осы айдың соңғы күнiнде (соңғы тәулігінде) аяқталады.
Апталармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде (тиісті тәулігінде) аяқталады.
Күндермен (тәуліктермен) есептелетiн мерзiм Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен басталатын конституциялық мерзімдерді қоспағанда, оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнiнде (тәулігінде) аяқталады.
Сағаттармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған оқиға басталған минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.
3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен басталатын конституциялық мерзімдерді қоспағанда, оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталғаннан кейінгі келесі күні басталады.
Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзімнің аяқталу күні сол күннен кейінгі таяудағы келесi жұмыс күні болып есептеледі.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. РЕТТЕУШІЛІК САЯСАТ
14-1-бап. Реттеушілік саясатты жүзеге асыру
Реттеушілік саясатты жүзеге асыру мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік реттеудің қазіргі проблемаларын талдау және жария талқылау;
2) жария талқылау нәтижелерін, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қазіргі проблема бойынша шоғырландырылған шешімді тұжырымдау;
3) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық акт қабылдау арқылы реттеу енгізу;
4) реттеу субъектілеріне олардың реттеушілік жүктемесін ескере отырып, жаңа реттеуге дайындалу үшін қажетті мерзімдер беру;
5) қабылданған нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін бағалау.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 14-2-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-2-бап. Реттеушілік саясаттың міндеттері
Нормативтік құқықтық актілер арқылы мемлекеттік реттеу адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау құқықтар мен бостандықтарды шектеуге, егер мұндай шектеу заңды түрде негізделген мақсаттарға барабар болса және әділдік талаптарына сай келсе, конституциялық маңызы бар құндылықтарды қорғау үшін демократиялық мемлекетте пропорционалды, мөлшерлес және қажетті болып табылса, негіз бола алады.
14-3-бап. Заңнамалық реттеу қағидаттары
1. Заң нақты қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыруына негіз болатын қағидаттарды белгілеуге тиіс.
2. Заңнамалық реттеу қағидаттары оларды іске асырудың нақты тетіктерін аша отырып белгіленуге тиіс.
3. Заңдардың нормалары оларда белгіленген қағидаттарға қайшы келмеуге тиіс, ал қағидаттарға қайшы келген жағдайда соларға сәйкес келтірілуге тиіс.
4-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН ДАЙЫНДАУДЫ ЖОСПАРЛАУ
15-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық болып бөлiнедi.
Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ оларды дайындау бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.
1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысанын және реттеу нысанасын көрсететін атауы;
3) жобаны әзiрлеуге жауапты органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау жоспарларын тиiстi актiлердi қабылдауға құзыреттi уәкілетті органдар жасап, бекiте алады.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттік және өзге де органдардың, ұйымдардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстары, құқықтық және қоғамдық мониторинг нәтижелері, консультативтік құжаттарды, сондай-ақ «Е-заңнама» ақпараттық жүйесі арқылы алынған ұсынымдарды талқылау нәтижелері ескеріледі.
5. Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын дайындау жоспарларын жасайтын және бекiтетiн уәкілетті органдар жоспарларға осы актiлердiң дайындалуын көрсететiн басқа көрсеткiштерді де енгiзе алады.
6. Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау тәртібі мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 16-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Заң жобаларын дайындауды жоспарлау
1 - 4. 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде Заң жобалау жұмыстарының жоспарына ұсыныстар жібереді.
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын жыл сайынғы негізде бекітеді.
6. 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспары:
1) әзірленуі алдағы жылы болжанатын, оның деңгейін, нысанын және реттеу нысанасын көрсететін заң жобасының атауын;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Құрылтайына оны ұсыну мерзімдерін;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) заң жобасын әзірлеуге жауапты органдарды, ұйымдарды және лауазымды адамдарды көрсетуді қамтуға тиіс.