«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уəкілетті ұйым жүзеге асырады жəне мыналарды:

1) заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді;

2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді;

3) заң жобалары бойынша қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтіндердің теңтүпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді;

4) ғылыми қорытындылар мен өзге де талдау материалдарын, оның ішінде заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу шеңберіндегі материалдарды дайындауды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметті қамтиды.

 

32-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сараптамаға жiберу кезiндегi бастамашылық

1. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына сараптама жүргiзу туралы шешiмдi:

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) заң шығару бастамасы тәртібімен жобаны Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Халық Кеңесі;

2) уәкілетті орган;

3) егер әзірлеуші органның регламентiнде немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерде осы тұлғаларға және құрылымдық бөлiмшелерге осындай құқық берiлген болса, әзірлеуші орган қабылдай алады.

2. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы шарттық негiзде дайындалатын жағдайларда жобаның сараптамасы жобаға тапсырыс берушiнiң шешiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.

2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеуді жүзеге асыратын уəкілетті ұйым осы Заңның 30-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесі əзірлеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тəртібімен əзірленген заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми жəне ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.

 

33-бап. 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

33-1-бап. 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

33-2-бап. 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 33-3-баппен толықтырылды

33-3-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының құқықтары мен міндеттері

1. Ғылыми құқықтық сарапшы:

1) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыру үшін, оның ішінде ғылыми сараптама қызметін жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша материалдарды қорытынды беруге қажетті көлемде алуға;

2) орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға;

3) сараптама қызметін жазбаша өтініш негізінде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

Сараптама қызметін тоқтата тұру сарапшыны бұрын берген қорытынды бойынша жоғарыда көрсетілген құқықтарды пайдалану мүмкіндігінен айырмайды.

2. Ғылыми құқықтық сарапшы:

1) ғылыми құқықтық сараптама процесіне тартылмаған өзге де тұлғалармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

2) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға үшінші тұлғаларды тартуға;

3) ғылыми құқықтық сараптама нысанасын құрайтын материалдарды және өзіне ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға байланысты белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етуге;

4) ғылыми құқықтық сараптама жүргізілетін нормативтік құқықтық акт жобасының атауы мен мазмұнын, сондай-ақ ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларына сәйкес ресми жарияланған кезіне дейін сараптама қорытындысының мазмұнын жария етуге құқылы емес.

3. Ғылыми құқықтық сарапшы:

1) өзіне берілген ақпарат пен материалдар негізінде жан-жақты, толық және объективті ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге, сараптама қорытындысына қойылатын талаптарға сәйкес қойылған мәселелер бойынша ғылыми негізделген тәуелсіз және объективті жазбаша қорытынды беруге;

2) ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында көзделген жағдайларда ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тартуға;

3) бұрын берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша консультациялар мен түсініктер беруге;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) бұрын өзі берген қорытындыны түсіндіру үшін заң жобасын Қазақстан Республикасының Құрылтайында талқылауға қатысуға міндетті.

Ғылыми құқықтық сарапшының заң жобасын Қазақстан Республикасының Құрылтайында талқылауға қатысуы ол жүрген не тұратын жермен бейнеконференцбайланыс құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану тәртібін Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.

 

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 33-4-баппен толықтырылды

33-4-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының қарсылық білдіруі

1. Ғылыми құқықтық сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде ғылыми құқықтық сарапшы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымды ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар ғылыми құқықтық сарапшыға жіберілген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етіп, оны жүргізуден бас тартуға міндетті.

2. Ғылыми құқықтық сарапшы, егер:

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) өзіне ғылыми құқықтық сараптамаға жіберілген консультативтік құжатты және заң жобасын келісу процесіне бұрын қатысса;

2) әзірлеуші органның қызметкері болып табылса;

3) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу нысанасы ғылыми білімінің шегінен тыс болса не өзіне ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болса не өзінің ғылыми құқықтық сараптаманың объективті және тәуелсіз сараптама қорытындысын беруін болғызбайтын өзге де мән-жайлар болса, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатыса алмайды.

 

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 33-5-баппен толықтырылды

33-5-бап. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзу негіздері

1. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзуға мыналар негіз болып табылады:

1) ғылыми құқықтық сарапшының міндеттемелерді орындамауы не бірнеше рет (үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) ғылыми құқықтық сарапшының Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқаруы;

3) ғылыми құқықтық сарапшының өтініші;

4) шартта көзделген өзге де негіздер.

2. Сот талап қоюды қанағаттандыру немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, ғылыми құқықтық сарапшымен шарт осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша бұзылғаннан кейін онымен шарт бір жыл бойы жасалмайды.

 

 

7-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

 

34-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн айқындау

1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда айқындалады.

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Алуан түрлi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi мыналарда да:

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) кодекстер үшін - осы Заңда;

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар тиісті кодекстерде белгіленген ерекше тәртіптермен енгізілуі және қабылдануы мүмкін;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) заңдар үшін - Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Құрылтайы, жалпыхалықтық референдум туралы конституциялық заңдарда, өзге де заңдарда және Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламентінде;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы үшін - Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)  

2-2) Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң немесе заң күші бар Жарлығы үшін - «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің осы тәртіпті реттейтін актілерінде;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Құрылтайдың қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламентінде;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiнде;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде;

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, сондай-ақ кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нормативтік құқықтық актілері үшін - «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңда және заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осындай органдардың қызметін реттейтін қаулыларында;

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) техникалық регламенттер үшін - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтiк қаулылары үшiн - «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңда;

8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңнамада;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) Орталық сайлау комиссиясының (Орталық референдум өткізу жөніндегі комиссияның) нормативтiк қаулылары үшiн - сайлау және жалпыхалықтық референдум туралы конституциялық заңдарда;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың және тексеру комиссияларының нормативтiк шешiмдерi үшiн - осы органдар туралы заңдарда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде айқындалады.

Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші орган қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді.

Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы деп азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабар беру және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі түсініледі.

Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару қызметінің қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісіледі.

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi.

Бұл ретте жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік органдар туралы ережелерде айқындайды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар әзірлеушілері болып табылатын жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 

35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттік берілген адамдар

1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне мына лауазымды адамдар:

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына, кодекстеріне, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, оның ішінде конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтарына - Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысына - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы Құрылтайының қаулыларына - Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi;

2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) мәслихат шешiмдерiне - мәслихат төрағасы;

5) әкімдік қаулыларына, әкімнің шешімдеріне - әкім;

6) өзге де нормативтiк құқықтық актiге - оны қабылдаған (шығарған) органның басшысы қол қояды.

2. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актіні негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық акт арқылы қабылдаған кезде уәкiлеттік берілген адам негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық актiге ғана қол қояды.

 

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды; 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 35-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35-1-бап. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде мемлекеттік тіркеу

1. Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады.

2. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу:

1) осы Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес әділет органдары бұрын келіскен нормативтік құқықтық актіге қатысты әділет органдарының заң сараптамасын жүргізуін;

2) мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер енгізуді қамтиды.

3. Осы баптың 1-тармағының талаптары:

1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерге;

2) уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілерге;

3) мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге;

4) үлгілік нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген және қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілерге;

2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1) тармақша жаңа редакцияда

4-1) мәслихаттардың бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы нормативтік құқықтық шешімдеріне;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне;

4-3) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.

4. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актіні осындай тіркеуге нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының талаптарын бұза отырып ұсыну;

2) заң сараптамасы жүргізілгеннен кейінгі кезеңде қабылданған немесе күшіне енген жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшылықтың анықталуы;

3) осы Заңда белгіленген талаптардың сақталмауы.

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мүдделі мемлекеттік орган сот тәртібімен шағым жасай алады.

5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің күшін оларды шығарған орган жоюға тиіс.

6. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

36-бап. Уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі құқықтар

Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілген уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған не таратылған жағдайда, құқықтық мирасқорға немесе таратылған уәкілетті органның функциялары берілген уәкілетті органға оның құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығымен бірге нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер ауысады.

 

 

8-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ

 

37-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндеттілігі

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау - оларды қолданудың міндетті шарты.

Қазақстан Республикасы Парламентінің (Құрылтайының) Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы ресми баспасөз басылымдары болып табылады.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Заңдарды ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде де электрондық түрде жүзеге асырылады.

37-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

3. Нормативтік құқықтық актілерді алғашқы ресми жариялау олар күшіне енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылуға тиіс.

4. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Құқық қолдану практикасында нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуға тиіс.

6. Нормативтік құқықтық актілер ресми жарияланғаннан кейін ғана оларды бейресми жариялауға жол беріледі.

 

38-бап. 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)