Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығы
(2014.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - министрлік) 2014 - 2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.
2. Стратегиялық даму департаменті (А. Қайырбекова) министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жыл сайын есептік жылдан кейін 20 ақпанда стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Министр | Т. Дүйсенова |
| КЕЛІСІЛГЕН Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев | КЕЛІСІЛГЕН Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 299 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мазмұны
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістерін талдау
4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Миссиясы