Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақша қаражаты төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 159 бұйрығы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-16) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақша қаражаты төлемдерінің мөлшері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты қолданысқа енгізгеннен кейін үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш күн ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.