«2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №314-45/1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 344-48/1 шешімі

«2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №314-45/1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 344-48/1 шешімі

 

Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 314-45/1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 137 699 368,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 61 939 728,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 689 500,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -9 150 574,0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 65 919 566,8 мың теңге;

2) шығындар - 113 651 754,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - -1 254 519,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 259 500,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 514 019,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 25 302 133,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - - 25 302 133,8 мың теңге;

қарыздар түсімі - 259 500,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 26 011 761,0 мың теңге;»;

1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 450 127,2 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы

И. Құттықожаев

 

Қызылорда қалалық мәслихатының

2026 жылғы 30 қаңтардағы

№ 344-48/1 шешіміне қосымша

 

Қызылорда қалалық мәслихатының

2025 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 314-45/1 шешіміне 1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.