Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. ҚР Жоғарғы Сотының 2019.31.05. № 2 нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Жоғарғы Сотының 2018.29.11. № 16 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Жоғарғы Сотының 2026.20.05. № 3 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (2026 ж. 12 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. «Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы»;
2) бүкіл мәтін бойынша:
«АІЖК-нің», «АІЖК» деген сөздер «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«АК» деген сөздер «АК-нің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-тармақтағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы» деген сөздер «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тармақтағы «Конституция, АК және Заң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциясында, АК-да және Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 4-тармақта:
«(АІЖК-нің 31-бабы)» деген сөздер «(Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК) 29-бабы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(АІЖК-нің 32-бабының 9-бөлігі)» деген сөздер «(АПК-нің 30-бабының тоғызыншы бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 5-тармақта: