«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 251 бұйрығы

 «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 251 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1443) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларында:

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Комиссия төрағасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мәселелеріне жетекшілік жасайтын вице-министр. Шешім қабылдау кезінде Комиссияның барлық мүшелері Төрағаны қоса алғанда тең дауыс беру құқығына ие. Комиссия отырысы егер оған Комиссия құрамының кемінде жартысы қатысса заңды деп есептеледі.»;

29-тармақ алынып тасталсын;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34.Үміткерлер құжаттарын тапсыру электрондық үкімет порталы және (немесе) ЖОО-ның кеңсесі арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13754 болып тіркелген) сәйкес конкурс жарияланған күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.»;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;

2) білім туралы құжаттары:

«Бакалавриат» бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

ЖОО мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

«Магистратура» бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.