«Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 786 бұйрығы (2026.27.02. берілген өзгерістермен)

Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 786 бұйрығы

(2026.27.02. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 3-бабы 20)-тармақшасына және 144-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесі бекітілсін.

2. «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 798 бұйрығы күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 786 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың

тізбесі

 

Салық төлеушінің атауы

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

1.

Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. Қазақстан филиалы

981141001567

2.

Би Джи Қарашығанақ Лимитед (Ақсай қаласы) филиалы

020941003629

3.

«Аджип Қарашығанақ Б.В.» жаупкершілігі шектеулі компаниясының филиалы

980741000518

4.

«Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани» Компаниясының филиалы

980741001289

5.

ЛУКОЙЛ Оверсиз Карачаганак Б.В. филиалы

010541004364

6.

«КМГ Карачаганак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120540016236

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.