Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығы
(2013.08.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Қ.М. Досмұқаметов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 16 қарашадағы
№ 495 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік есепке алуды жүргізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2010.20.09. № 472 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (әрі қарай - Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган органдар осы Ережеге сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
Бюджеттік есепке алу - бірыңғай қазынашылық шоттан (әрі қарай - БҚШ), қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (әрі қарай - ҚБШ) және мемлекеттік мекемелердің шоттарының операциялары, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен реттелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытындылаудың реттелген жүйесі.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.