«Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығы (2023.18.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығы

(2023.18.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 610-НҚ бұйрығымен 2025 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2023.30.11. № 479-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2. «Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 313 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19310 болып тіркелген) күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.