(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘКІМШІЛІК ДЕРЕККӨЗДЕРДІҢ ӘКІМШІЛІК ДЕРЕКТЕРДІ ӨТЕУС...

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 14 шілдедедегі № 183 бұйрығы

(2020.07.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің м. а.2015.24.11. № 711 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 2016.17.05. № 89 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020.07.09. № 33 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің м. а.2015.24.11. № 711 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төрағаның м.а.

Ж. Жарқынбаев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау

(Монополияға қарсы агенттік)

агенттігінің төрағасының м.а.

Б. Парсегов

2010 жылғы 16 шілде

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы-

Сыртқы істер министрi

Қ. Саудабев

2010 жылғы 15 шілде

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.