Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай коммерциялық вексельдермен операцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 61 қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің вексельдер есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1015 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2000 жылғы 1-14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің вексельдер есебін жүргізу ережесінде:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (бұдан әрі - банктер) аударым және жай коммерциялық вексельдерін (бұдан әрі - вексельдер) есепке алу тәртібін реттейді.»;
6-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрi - Ұлттық Банк)»деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкілетті орган)»деген сөздермен ауыстырылсын;