«Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 Қаулысы (2026.05.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 Қаулысы

(2026.05.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 246 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.22.11. № 99 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.22.11. № 99 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.17.12. № 94 Қаулысымен (2026 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 246 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.22.11. № 99 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары бекітілсін.

2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.