«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 459 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 43-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрі
2025 жылғы 25 тамыздағы
№ 459 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
43-қосымша
нысан
Ірі салық төлеушілердің мониторинг нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша уәжді шешім
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан