Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығы
(2020.20.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 12-тармағының 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Н. Әбіқаев |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ 19 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу
изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер