Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығы
(2021.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.29.01. № 37 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014.14.01. № 9 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2016.29.01. № 37 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.