«Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 343/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің өзіндік құнын есептеуді жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай шығындарды есепке алады:
1) әмбебап қызметтерді көрсетуге байланысты материалдық шығыстар;
2) еңбекақы төлеуге, оның ішінде өндірістік персоналға арналған шығыстар;
3) міндетті сақтандыру түрлеріне арналған шығыстар, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
4) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;
5) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар;
6) ғимараттарды күтіп ұстау бойынша шығыстар және коммуналдық шығыстар;
7) ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша сервистік қызмет көрсетуге арналған шығыстар;
8) байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуге қатысы бар бөгде ұйымдардың өндірістік сипаттағы жұмыстары, көрсетілетін қызметтері.