«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 900 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 900 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9295 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бүкіл мәтін бойынша «кеуде белгісін» «кеуде белгісі», «кеуде белгі», «кеуде белгісінен» деген сөздер тиісінше «төсбелгісін», «төсбелгісі», «төсбелгі», «төсбелгіден» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің шевронын, дербестендірілген белгісі мен төсбелгісін жасауды және бағынысты мекемелер мен бөлімшелерді олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерінде:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери полиция органы әскери қызметшілерінің шевроны, дербестендірілген белгісі мен төсбелгісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының айырым белгісі болып табылады.»;

3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі»;

3-тараудың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі (бұдан әрі - төсбелгі) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының ерекшелік төсбелгісі болып табылады.»;

3-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.