«Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 281-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы 5-тармағына, «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 287) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: