Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы
Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 6/41 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 16/11 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 194834 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ғ. Әшімов |
КЕЛІСІЛДІ:
Теміртау қалалық
сайлау комиссиясы
2026 жылғы 12 ақпандағы
№ 6/41 қаулысына
қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
| Р/с № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны |
| 1. | Теміртау қаласы | Абай көшесі, 1, «Теміртау индустриялық-технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының маңында ақпараттық стенд |
| 2. | Теміртау қаласы | Республика даңғылы, 21/1, «№ 11 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |