Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 70 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-12-бабының 3), 4), 5), 6) 7) 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары.
2. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Заң шығару және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;