Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 Қаулысы
(2017.19.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының