«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 529 бұйрығы

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 529 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 197-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 529 бұйрығына 1- қосымша

 

 

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның

құрамы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.