(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2012.26.03 № 2...

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 51-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік қүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 26 наурыздағы

№ 25-03-02/120 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар,

төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру Қағидасы «Жануралар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңға сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.