«Құрылыс объектілерін құру және пайдалану кезінде құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану міндетті болып табылатын құрылыс объектілері түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 114 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Құрылыс объектілерін құру және пайдалану кезінде құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану міндетті болып табылатын құрылыс объектілері түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 114 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 62-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектілерін құру және пайдалану кезінде құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану міндетті болып табылатын құрылыс объектілері түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс жетекшілік вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Министр

Е. Нағаспаев

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

2026 жылғы 19 наурыздағы

 № 114 бұйрыққа қосымша

 

 

Құрылыс объектілерін құру және пайдалану кезінде құрылыс объектілерін

 ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану міндетті болатын құрылыс объектілері түрлерінің

 тізбесі

 

Нысан түрі

Қолданысқа енгізу күні

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.