«Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есептің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2019 жылғы 15 қарашадағы № 144 бұйрығы
ҚР Бас прокурорының 2023 жылғы 21 ақпандағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есептің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 149 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есеп нысаны көрсетілген бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2019 жылғы 15 қарашадағы
№ 144 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 149 бұйрығына
1-қосымша
ВЕДОМСТВОЛЫҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БАС ПРОКУРАТУРАСЫ
Прокурордың қадағалау қызметі туралы
ЕСЕП
Нұр-Сұлтан қаласы
СОДЕРЖАНИЕ: