Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № А-13/622 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Кулагин |
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ А-13/622 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының
Тізбесі
1. «Залалды әлеуметтік-маңызды бағдарларды қаражаттандыру бойынша комиссия құрамын құру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № А-6/297 қаулысы.
2. «Залалды әлеуметтік-маңызды бағдарларды қаражаттандыру бойынша комиссия құрамын құру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № А-6/297 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № А-11/567 қаулысы.
3. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің кұнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № А-3/81 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4110 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 29 мамырда жарияланған).