Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 Қаулысы
(2021.13.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 313 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 313 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.