Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 97 бұйрығы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.