(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРГЕ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ...

Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 Қаулысы

(2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2025 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 43 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.24.06. № 30 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 43 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.