«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 802 бұйрығы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 802 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2021 жылғы 12 тамыздағы

№ 802 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 159 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.