«Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 294 бұйрығы (күші жойылды)

Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 294 бұйрығы

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы орынбасарының 2023 жылғы 1 ақпандағы № 23-32-4.3 хаттамасының 3-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен 2023-2026 жылдарға арналған жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі бірлескен жоспар;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2023-2024 оқу жылына арналған жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспар бекітілсін.

2. Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.

3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары:

1) осы бұйрықты аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының назарына жеткізсін;

2) жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын;

3) 2023-2024 оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» енгізсін.

4. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығының күші жойылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.