Экологиялық ағын көлемін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 179-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 23-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Экологиялық ағын көлемін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Экологиялық ағынның көлемін айқындау әдістемесінің 11-тармағын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.