Атырау қаласы әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 37 «Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 27 Қаулысы
Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Атырау қаласы әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 37 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4790 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес 4, 6, 7, 14, 15, 20, 27, 30, 32, 55, 58, 62, 72, 86, 87, 94, 97, 99, 103, 104, 107, 108, 109, 110, 111, 113, 115, 124, 126 тармақтары жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134 тармақтармен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Атырау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Ембергенге жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Атырау қаласының әкімі | Ш. Кейкин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Атырау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
2024 жылғы 9 шілдедегі
№ 27 қосымша 1
Атырау қаласы аумағындағы сайлау учаскелері
| № | Сайлау учаскесінің атауы | Сайлау учаскесінің орналасқан орны | Сайлау учаскелерінің шекаралары |