«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 98 Қаулысы
(2021.22.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті таратылсын.
ҚР Үкіметінің 2021.22.06. № 427 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.