«Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 578 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 578 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексі 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 7126 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 маусымдағы, № 292-297 (27371) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы бұйрықтың 1-124-қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы бекітілсін.»;

9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 67, 94-қосымшалар осы бұйрыққа 1-12-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада бекітілген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

Б. Сұлтанов

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2015 ж. 20 қарашадағы

№ 578 бұйрығына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

міндетін атқарушының

2011 жылғы 2 тамыздағы

№ 390 бұйрығына

9-қосымша

 

№ НҚ-6 нысаны

 

 

_____________________________________________________________________

Мемлекеттік мекеменің атауы (орталықтандырылған бухгалтерия)

 

№ _______ мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдар мен инвестциялық жылжымайтын мүлікті есепке алу түгендеу

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.