Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындау қағидалары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 23 мамырдағы № 32 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына және 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындау қағидалары.
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.