Қазақстан Республикасы Экология, геология
және табиғи ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығығына 1-қосымша
Осы редакция 2024 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2021.29.06. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021.29.06. № 220 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;