Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 191 қаулысымен бекітілген
Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту
қағидалары
1. Осы Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және судья лауазымына біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдардың полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) полиграф - адамға сауалнама жүргізу процесінде аналогтық және (немесе) цифрлы түрде көрінетін, ұсынылатын вербалдық және көру стимулдарына жауап ретінде физиологиялық реакциясының серпінін (тыныс алуы, жүрек-қан тамырларының белсенділігі, тері-гальваникалық реакциясы, қозғалыс белсенділігі, бетінің мимикасы және басқалары) тіркеуге арналған техникалық құрылғы;
2) полиграфологиялық зерттеу - адамның психофизиологиялық куәландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалнама жүргізу рәсімі;
3) полиграфолог - тиісті даярлықтан өткен және полиграфологиялық зерттеу жүргізуге құқығын растайтын құжаты (сертификат, диплом, куәлік) бар адам.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.