(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ...

Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы
Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімі

 

Осы редакция 2016 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Астана қаласы мәслихатының

2014 жылғы 27 маусымдағы

№ 249/36-V шешімімен бекітілген

 

 

Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822, «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 373, «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712, «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулыларына сәйкес әзірленді және Астана қаласының аумағында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін белгілейді.

2. Қағиданы келесілер орындауға міндетті:

1) жергілікті атқарушы органдар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.