Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің «Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 29 мамырдағы № 157 және «Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 маусымдағы № 181 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 22 маусымдағы № 155 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 157 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салалық қорытындыны тиісті жергілікті атқарушы органдар береді, оған жетекшілік ететін әкімнің орынбасары (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) қол қояды.»;
1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.