«Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 157 бұйрығы

Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 157 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Ұлттық экономика министрінің

2025 жылғы 29 мамырдағы

№ 157 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну

қағидалары

 

1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қарауына:

1) байланысты грантты алушы туралы ақпаратты;

2) болжамды донор туралы ақпаратты;

3) грант сомасы туралы ақпаратты;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.