Гидротехникалық құрылысжайлардың көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясы нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 156-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 28) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес гидротехникалық құрылысжайлардың көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясы нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.