«Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 958 Қаулысы

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 958 Қаулысы

 

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары;

2) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының үлгілік нысаны бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 11 қарашадағы

№ 958 қаулысымен

бекітілген

 

 

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ірі тапсырыс берушілер - кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар; квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері; қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері; жүйе түзуші кәсіпорындар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.